«Студенттің ар-намысы: құқық пен жауапкершілік» атты кураторлық сағаты желтоқсан айында ЭЭ және ЕҚ кафедрасында өтті. Эдвайзерлер студенттердің академиялық адалдығын, этикалық нормаларды сақтауын және ішкі тәртіп ережелерін түсіндірді. Сабақ барысында «Ар-намыс кодексін» талқылау құқықтарды білу академиялық мәдениетті арттыру және жоғары жауапкершілік сезімін ояту мақсаты көзделді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің академиялық мәдениетін қалыптастыру, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру, сондай-ақ жауапкершілік пен этикалық құндылықтарға негізделген мінез-құлық мәдениетін дамыту болды. Эдвайзерлер студенттерге академиялық адалдық принциптері, «Ар-намыс кодексін» талқылау, этикалық нормаларды сақтау маңызын, мүлікті сақтау, білім алу, білім беру процесіне қатысу, плагиат көшіру және академиялық адалдықта сақтауға (эссе, тест тапсыру кезінде), тәртіп ережелері мен ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті туралы түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін ортаға салып, адалдық, жауапкершілік және өзара құрметтің оқу процесіндегі рөлін талқылады. Мұндай кураторлық сағаттар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін, азаматтық ұстанымын және этикалық сана-сезімін арттыруға ықпал етеді.



