Синтетикалық есірткі – жас ұрпаққа қауіп атты кураторлық сабағы
ЭЭ және ЕҚ кафедрасы студенттерімен Синтетикалық есірткі – жас ұрпаққа қауіп атты кураторлық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты білім алушыларға синтетикалық есірткінің түрлері, оның адам ағзасына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Синтетикалық есірткі деген не? Бұл психологиялық және физикалық тәуелділікті тудыратын жасанды жолмен алынған психоактивті заттар. Олар адамды қысқа уақыт ішінде тәуелді етіп, өмірін күйретеді. Психикалық бұзылыстарға, жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, агрессия мен суицидке әкелетіні түсіндірілді.
Заң алдындағы жауапкершілік
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткіні сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіре өтті.
Білім алушыларға тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылыққа жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырылды.
Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.


