🙋🏻♀️Құрметті магистратураға түсушілер!
💻Сіздерге 2025 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
📍Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 14 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
🔻ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
🔻БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!