06.02.25ж ЭжЕҚ кафедрасының аға оқытушылары Кабасова Ж.К. мен Естаева Д.Қ. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлы колледжінің «Электрмен жабдықтау» және «Автоматтандыру және басқару» тобы студенттерімен кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жүргізді. Студенттерге «Электрэнергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» мен «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары жайында толық мағлұмат беріліп, буклет таратылды. Колледж түлектеріне университетімізге түсу жолдарын түсіндіріп, оқуға түсуге, жоғары білім алуға насихат жүргізілді.
