09.12.2025 ж. техника ғылымдарының кандидаттары, «ЭЭжЕҚ» кафедрасының доценттері Ахметбекова А.М. мен Ерқоңыр Ә.К. Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Электрмен жабдықтау», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері», сондай-ақ «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтарының студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Студенттерге «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Колледж түлектеріне біздің университетке құжат тапсыру тәртібі түсіндіріліп, жоғары білім алуға шақыру жасалды.


