Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада аясында семинар өтті.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада аясында семинар өтті.

10 сәуірде Ұлытауда Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада аясында семинар өтті.
Бұл шараның мақсаты – қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ аймақтың студенттері мен жастары арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар алаяқтықтың негізгі схемаларымен танысып, қауіптерді анықтау және олардан қорғау бойынша практикалық кеңестер алды. Қаржылық пирамидалармен байланысты тәуекелдер мен интернет-алаяқтармен күресу жолдары талқыланды.
Семинар барысында қаржылық қауіпсіздік олимпиадасына тіркелу туралы хабарланды, оған 2-3 курс студенттері мен магистранттар қатыса алады. Тіркелу 18 сәуірге дейін AML-Academy сайтында жүргізіледі. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтар мен Ресейдің Красноярск қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға қатысу мүмкіндігі күтіп тұр. Ең жақсы қатысушылар ҚМА командасының мүшесі болу мүмкіндігіне ие болады.

AI Chat Widget

Виртуальный помощник

Это облегченная версия. Для полного функционала перейдите в @zhezuhelper_bot
Привет! 👋 Я помощник приемной комиссии ЖеЗУ. Готов ответить на вопросы о поступлении, специальностях и документах. Просто спросите!
Помощник ЖеЗУ печатает
Scroll to Top
  • dewi138 login