ФКиС-24-2 тобының студенті Поляченков Анатолийдің спорттық жетістіктері

ФКиС-24-2 тобының студенті Поляченков Анатолийдің спорттық жетістіктері

ФКиС-24-2 тобының студенті Поляченков Анатолий – пауэрлифтинг бойынша ұлттық және халықаралық чемпионаттардың жеңімпазы.

Поляченков Анатолийді республикалық және халықаралық ареналардағы жарқын спорттық жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Анатолий 2025 жылғы 1–8 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен классикалық және жабдықталған жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жасөспірімдер арасында 66 кг салмақ дәрежесінде 160 кг нәтижемен 1-орын иеленді.

2024 жылғы 2–10 желтоқсан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен классикалық пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионатында Анатолий Қазақстан атынан қатысып, Sub-Junior (66 кг) санатында алтын медаль жеңіп алды.

Нәтижелері:

Скват – 200,0 кг (1-орын)

Стендтік пресс – 140,0 кг (1-орын)

Дедлифт – 220,0 кг (2-орын)

Барлығы: – 560,0 кг

2025 жылғы мамыр айында Анатолий өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. 18–24 мамыр аралығында Норвегияның Драммен қаласында өткен классикалық жатып сығымдау бойынша IPF әлем чемпионатында суб-юниорлар арасында 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, 145,0 кг нәтижесін көрсетті.

Сондай-ақ келесі жарыстарға қатысты:

2024 жылғы 1–9 қазан

Республикалық пауэрлифтинг жарыстары,

Семей қаласы

2024 жылғы 16–17 қараша

Қазақстан Республикасы Инклюзивті жатып сығымдау кубогы,

Алматы қаласы, Grand Park

2025 жылғы 1–9 сәуір

Классикалық және жабдықталған пауэрлифтинг бойынша Қазақстан чемпионаты

(жасөспірімдер, юниорлар арасында)

Ақсай қаласы, БҚО

Алдағы жоспарланған жарыс:

2025 жылғы 7–15 қыркүйек

Классикалық және жабдықталған пауэрлифтинг бойынша Қазақстан чемпионаты

(ерлер мен әйелдер арасында)

Семей қаласы

Жаңа жеңістер мен спорттық рекордтар тілейміз!

AI Chat Widget

Виртуальный помощник

Это облегченная версия. Для полного функционала перейдите в @zhezuhelper_bot
Привет! 👋 Я помощник приемной комиссии ЖеЗУ. Готов ответить на вопросы о поступлении, специальностях и документах. Просто спросите!
Помощник ЖеЗУ печатает
Scroll to Top
  • dewi138 login