НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Президент–Ректор гранты мен стипендиясына конкурс!
Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша беделді марапаттарға құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу, ғылым, спорт және қоғамдық белсенділік салаларында жоғары жетістіктері бар студенттерді қатысуға шақырамыз.
📅 Мерзімі және тапсыру орны
Мерзімі: 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін.
Өткізу орны: 211Б кабинет.
📂 Қажетті құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысу үшін келесі материалдардан тұратын папка дайындау қажет:
1. Кафедра меңгерушісінің ұсыным-характеристикасы. Студенттің оқу, ғылыми, қоғамдық және өзге де қызметі туралы қорытындыны қамтуы тиіс.
2. Кафедра отырысы хаттамасынан үзінді-көшірме (ұсыным сипатындағы қорытындымен).
3. Транскрипт көшірмесі (бүкіл оқу кезеңі бойынша, қысқы сессия нәтижелерін қоса).
4. Растайтын құжаттардың көшірмелері: пәндік олимпиадаларға, ғылыми семинарларға, конференцияларға және т.б. қатысқаны туралы сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар.
5. Ғылыми жарияланымдар: мақалалар тізімі және олардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
6. Әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттар (бар болған жағдайда):
Отбасы құрамы туралы анықтама.
Мүгедектік туралы анықтама (студенттің немесе ата-анасының).
Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетімдер үшін) және басқа да растайтын құжаттар.



