Студенттердің білім деңгейін арттыру және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында желтоқсан айында ЭЭжЕҚ кафедрасында студенттер арасында зияткерлік квиз ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты – студенттердің білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттерін бағалау және оқу материалын меңгеру деңгейін саралау болды. Бірінші курстан төртінші курс студенттері үш мамандықтан 3 топқа бөлінді. Квиз ойыны екі турдан тұрды. Тест түрінде өткен сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Өзара бәсекелескен үш топ өздерінің алғырлықтарымен және жылдам екендерін көрсетті. Нәтижесінде «Автоматизация және басқару» мамандығы студенттерінен құралған топ жеңіске жетті. Сайыс соңы марапаттаумен аяқталды.



