Shakhmardan Yessenov Foundation 20 студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындау үшін байқау жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Шәкіртақы саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

Қордың ресми сайтында – org онлайн өтінімді толтыруы керек.

Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:

Міндетті құжаттар:

Жеке куәлік көшірмесі;

«Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);

Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;

Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;

Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Өтінімдер 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Сілтеме: https://yessenovfoundation.org/application_2025/

AI Chat Widget

Виртуальный помощник

Это облегченная версия. Для полного функционала перейдите в @zhezuhelper_bot
Привет! 👋 Я помощник приемной комиссии ЖеЗУ. Готов ответить на вопросы о поступлении, специальностях и документах. Просто спросите!
Помощник ЖеЗУ печатает
Scroll to Top
  • dewi138 login