«Ұлттық киім – ұлттық рухтың айнасы» атты ЭЭжЕҚ кафедрасының ашық кураторлық сағат

«Ұлттық киім – ұлттық рухтың айнасы» атты ЭЭжЕҚ кафедрасының ашық кураторлық сағат

2025 жылдың 18 наурызында Электр энергетикасы және еңбекті қорғау кафедрасының ұстаздары мен студенттері жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, қазақ халқының, Қазақстан қоғамының мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтау мақсатында, Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлттық рухтың айнасы» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында кафедраның ұстаздар қауымы мен студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық ойындар «Асық ату», «Арқан тартыс» ойнап, ата бабаларымыздың «Сырға салу», «Қымызмұрындық» сияқты озық салт-дәстүрлерін көрсетті. Ұстаздар мен қызметкерлер сұрақ-жауап сайысына қатысып, сыйлықтарға ие болды. Іс-шараның соңында келген қонақтарға ұлттық тағамымыз Наурыз көже таратылып, дастарханнан дәм тату ұсынылды.

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Scroll to Top