22 мамыр 10:00-ден 18:00-ге дейін негізгі ҰБТ-ға тіркелу базасы ашылады

👋Кеш жарық, талапкерлер! ‼️Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, ертең 22 мамыр сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады. 💻Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған ҚОЛЖЕТІМДІ орындарға ғана тіркеледі. ❌2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады. 🙌Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар. Сәттілік!