Қарағанды университетінде «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстары жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинары өтіп жатыр.
26-28 тамыз аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде «Аманат» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстары жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинары өтіп жатыр. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жобаның маңыздылығын атап өтіп, оны кеңінен енгізу туралы Үкімет алдына міндет қойды. Облыстардың …