23.02.2026 ж. «ЭЭжЕҚ» кафедрасының т.ғ.к., доцент Ерқоңыр Ә.К. мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мухамеджанова С.Б. Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде болып, «Электрмен жабдықтау», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері», сондай-ақ «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтарының студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Студенттерге «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Колледж түлектеріне біздің университетке құжат тапсыру тәртібі түсіндірілді, грант конкурсына қатысу, КТ тапсыру жолдарын түсіндіріп өтті, жоғары білім алуға шақырту жасады.



