Құрметті оқырмандар!
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасынында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті шығарған еліміздің көрнекті ғалымы, геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 10 томдық жинағының «Ұлт руханияты және Қаныш мұрасы» атты таныстырылымы өткізіліп, шара соңында жинақ кітапханаларға таратылды
Жинаққа ғалымның 1923–1963 жылдар аралығындағы монографиялары, мақалалары, баяндамалары, геологиялық барлау есептері мен ғылыми-техникалық жобалары, руханият саласындағы еңбектері де енген. Барлық материалдар хронологиялық және тақырыптық тәртіппен жүйеленіп, қазіргі заманғы ғылыми және баспа стандарттарына сай дайындалған. Бұл еңбектер Сәтбаевтың ғылыми мол мұрасының тереңдігін, отандық ғылымның іргетасын қалаудағы тарихи рөлін жан-жақты ашады.
Ұлт мақтанышы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мұрасы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылады және жас қазақстандықтарды туған жерін зерттеуге, ашуға және оған қызмет етуге құлшындырады
Жинақты Жезқазған университетінің кітапханасынан алып, оқып танысуға шақырамыз