📢Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Халықаралық желілік институт қатысушыларымен бірлесіп 2025 жылғы Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізеді. Тіркелу 2024 жылғы 20 наурыз сағат 09:00-ден 4 сәуір сағат 14:00-ге дейін «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясының сайтында https://www.amlacademy.kz/ ашық.
Олимпиадаға 2-3 курс студенттері мен 1-курс магистранттары, құқық, экономика, халықаралық қатынастар, ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағдарламалары бойынша оқитындар қатыса алады.
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде онлайн және оффлайн форматта өткізіледі.
🥇Жеңімпаздар 2025 жылдың қазанында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасында Қазақстан Республикасын таныстырады.
Олимпиаданың мақсаты жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи тенденцияларды көрсету, қаржылық саладағы қауіп-қатерлер мен қауіптіліктерге қарсы тұруды үйрету.
📞Барлық туындаған сұрақтар бойынша +7 775 715 62 62 телефонына Қайржанқызы Аселге хабарласуға болады.
