“Tolles Diktat” – неміс тілінен ашық диктант

“Tolles Diktat” – неміс тілінен ашық диктант

2025 жылғы 17-28 ақпан аралығында 13-ші рет “Tolles Diktat” Бүкілресейлік Ашық акциясы өтті – неміс тілін насихаттау және неміс тілінде сауатты жазу мәдениетін дамыту мақсатында орыс немістерінің қоғамдық ұйымдарының бастамасымен немістердің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында неміс тілі бойынша ашық диктант.

Акция 1999 жылы ЮНЕСКО құрған және 21 ақпанда атап өтілетін Халықаралық ана тілі күніне орайластырылған.

Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезу “Шет тілдері” мамандығының студенттері осы акцияға 2016 жылы сәтті қатысуда.

2025 жылы диктант жазуға групп 22-1 тобының студенттері және АЯ 23-1 тобының бір студенті қатысты. Олар жүлделі орындарға ие болғаны үшін 7 халықаралық диплом алды

1 орын – Сандыбаева Енлик, Шапашова Дина, Коргабай Акбота;

2 орын – Ертай Ляззат, Кеңесова Тогжан;

3 орын – Назар Алтынай, Ильяс Мадина.

Бес студент – Ильяс Мадина, Абдулла Балнур, Жамсап Арай, Тастанова Жанна, Ордаева Асем – халықаралық маңызы бар сертификаттарға ие болды.

ЖезУ диктантын ұйымдастырушы ППжФ кафедрасының аға оқытушысы А.К. Жактаева “Tolles Diktat” Бүкілресейлік Ашық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысқаны үшін халықаралық неміс мәдениеті одағы мен Томск облыстық орыс-неміс үйінен алғыс хат алды.

Scroll to Top