AP19576638 «Таза алтын мен түсті металдарды ала отырып, жинақталған Е-сынық қалдықтарын кәдеге жаратудың инновациялық технологиясын әзірлеу»

Жоба өзектілігі:

Қазақстан аумағында Е-қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары жоқ, дегенмен олардың соңғы жылдары жинақталған көлемі өте көп. Жобаның өзектілігі мен маңыздылығы Е-қалдықтарды қайта өңдеудің ұтымды технологиясының болмауымен күшейтіледі. Көптеген құнды, технологиялық тұрғыдан қайтарылатын металдар олармен бірге жоғалуды. Е-қалдықтар – бұл бағалы металдар қорытпаларының күрделі конгломераты, олардың қасиеттері оларды пайдалану түріне, электр тауарларының конструкциясына (электронды платалар, смартфондар) және басқа да көптеген факторларға байланысты. Бұл тауарлық өнімдер түрінде алтын мен бағалы металдарды алу үшін қосымша көз ретінде пайдалану мақсатында Е-қалдықтарының құрамы мен қасиеттеріне кешенді зерттеулер жүргізу қажеттілігін айқындайды.

Жоба мақсаты:

Бәсекеге қабілетті тауарлық өнімдерді – таза алтын мен түсті металдарды селективті ала отырып, Е-сынықтардың жинақталған қалдықтарын кәдеге жарату үшін алдын ала дайындалған Е-сынықтардың ұнтақ қалдықтарын тотықсыздандырып-хлорлау арқылы инновациялық экологиялық таза, жоғары тиімді қалдықсыз технологияны құру.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

Күтілетін нәтижелер:

Келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

Е-қалдықтарды қайта өңдеу бойынша белгілі технологияларға талдау жүргізілді.

Е-қалдықтарының типі мен құрамы бойынша әртүрлі физика-химиялық және минералогиялық зерттеулерді қамтитын кешенді зерттеулер негізінде металдардың электрондық сынық қалдықтарында табылу формалары бойынша жаңа деректер алынды.

Құрамында хлор бар әртүрлі реагенттер мен алтын, ілеспе металдардың өзара әрекеттесуінің термодинамикасы бойынша жаңа деректер алынды.

Е-қалдықтарынан алтынның 93%-ға дейін жоғары бөліп алуын қамтамасыз ететін хлорлап күйдірудің технологиялық параметрлері белгіленді.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер:

Жолдасбай Е.Е. – ORCID ID: 0000-0002-9925-4435, Scopus Id: 56709664900, Web of Science ResearcherID: 

AAD-7185-2021

Арғын А.Ә. – ORCID – 0000-0001-5001-4687, ResearcherID – AAW-8164-2020, ScopusAuthorID – 57217683061.

Курмансейтов М.Б. – ORCID ID: 0000-0001-5008-2866, Scopus Id: 57195364745, Web of Science ResearcherID: 

AAD-9310-2021

Даруеш Ғ.С. – Researcher ID – AGB-3218-2022, Scopus Author ID – 57212931013, ORCID – 0000-0001-6739-1569

Досмухамедова К.С. – жоқ

Жарияланымдар тізімі (URL, DOI көрсетілген):

Алынған нәтижелер бойынша мақала жарияланды:

  1. Жолдасбай Е.Е., Арғын А.А., Құрмансейтов М.Б., Тәжиев Е.Б., Ичев В.А. Е-қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын таңдау мәселесіне // Халықаралық қолданбалы және іргелі зерттеулер журналы. 2023. №7. Б. 28-33.
  2. Жолдасбай Е.Е., Арғын А.А., Құрмансейтов М.Б., Даруеш Ғ.С., Ичев В.А. Е-қалдықтарды салыстырмалы сапалық бағалау // Ғылыми шолу. Техникалық ғылымдар. 2023. № 4. Б.11-16.
  3. Жолдасбай Е.Е., Арғын А.Ә., Құрмансейтов М.Б., Досмұхамедов Н.К. Электрондық қалдықтарды өңдеудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талдау // Қазақстан тау-кен журналы. 2023. №12. Б. 12-17.
  4. Zholdasbay E.E., Argyn A.A., Kurmanseitov M.B., Dosmukhamedova K.S., Daruesh G.M. Study of the influence of temperature and duration of chlorinating roasting on the extraction of gold from E-waste // Kompleksnoe Ispolzovanie Mineralnogo Syra = Complex Use of Mineral Resources. 2025. 333(2). Р. 51-58. DOI: https://doi.org/10.31643/2025/6445.17
  5. Zholdasbay Ye.E., Dosmukhamedov N.K., Argyn A.A., Kurmanseitov M.B., Tzhiev Ye.B., Daruesh G.S., Koishina G.M. Technological and environmental aspects of electronic waste recycling // Metallurgist. 2024. No.2. P.105-110. DOI: https://doi.org/10.1007/s11015-024-01727-0 (WOS, Scopus, Q3, Процентиль-46-й)
  6. Zholdasbay E.E., Argyn A.A., Dosmukhamedov N.K., Kaplan V.A. Gold recovery from electronic scrap waste by low-temperature chloridizing roasting // Non-ferrous Metals. 2024. Vol.1. P.22-27. DOI: 10.17580/nfm.2024.01.04 (Scopus, Q2, Процентиль-46-й)

Патент туралы ақпарат:

Сурет 1. Бастапқы материалдардың жалпы түрі және оларды өңдеуден кейінгі жағдайы

Сурет 2. РПП-12 (Т)құралының жалпы түрі

Scroll to Top