Құрметті оқырмандар!
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кітапханасы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара» атты Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен ұсынымдық көрсеткіш дайындады.
Кітап көрмесі мен көрсеткішке Абай Құнанбаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған басылымдар енгізілді.
Ұсынымдық көрсеткіш Ұлы Абайдың мұрасына қызығушылық танытатын оқырмандарға, оқытушыларға, студенттерге арналған.
Басылымдарды университет кітапханасынан алып танысып оқуға шақырамыз!