Байқау комиссиясының құрамында болған: қазылар алқасының төрағасы Свидерский А.К., қазылар алқасының мүшелері Сүлейменов А.Ж., Сапарбек Ж.А. – дауыс беру қорытындысы бойынша 9 үздік жоба таңдалып, әр жоба бойынша қазылардың пікірлері берілді және 2025 жылғы 2 шілдеде байқау комиссиясының отырысы өтті. Аталған отырыстың нәтижесі бойынша Хакатон жеңімпаздарын анықтау туралы шешім қабылданды.
Хакатон жеңімпаздары ретінде келесі қатысушылар танылды:
1 орын және 150 000 теңге – Вайбкодеры командасы: Полумисков Илья Сергеевич, Гафаров Адиль Муратович, Курванов Камиль Нурусланович.
2 орын және 50 000 теңге – Рысбек Ринат Рысбекұлы.



