KAZENERGY гранттары: өтінімдер 25 шілдеден 31 тамызға дейін қабылданады

KAZENERGY гранттары: өтінімдер 25 шілдеден 31 тамызға дейін қабылданады

«KAZENERGY» қауымдастығы 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №406 бұйрығымен бекітілген, Мердігерлер (NCOC N.V., KPO B.V.) бөлген қаражат есебінен оқыту ақысын төлеу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі Комиссияның Жұмыс органы болып табылады.

Гранттық бағдарламаны жүзеге асырудың 10 жылы ішінде жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен оқуға ақы төлеу үшін 14 000-нан астам өтінім келіп түсті. Қаржыландыру алған студенттердің жалпы саны 5 500-ден асты, олардың 59%-ы әлеуметтік осал топтарға жатады.

Осыған байланысты «KAZENERGY» қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына Мердігерлер (NCOC N.V., KPO B.V.) бөлген қаражат есебінен оқыту ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу Конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін өтінімдер 25 шілдеден 31 тамызға дейін қабылданатынын хабарлайды.

Қажетті құжаттардың тізімі мен Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында (Қызмет – Білім беру бағдарламасы – Жерасты пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқыту) орналастырылған.

Конкурсқа қатысқысы келетіндер https://grant.kazenergy.com/ сайтында электрондық өтінімді толтыруы қажет.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172-79-49-75 немесе e-mail: candidate@kazenergy.com.

AI Chat Widget

Виртуальный помощник

Это облегченная версия. Для полного функционала перейдите в @zhezuhelper_bot
Привет! 👋 Я помощник приемной комиссии ЖеЗУ. Готов ответить на вопросы о поступлении, специальностях и документах. Просто спросите!
Помощник ЖеЗУ печатает
Scroll to Top
  • dewi138 login