Хакатон: Ғылыми зерттеулер мен мақала жазуға арналған ЖИ-агент
1. Жалпы мәліметтер
Жоба атауы: Ғылыми зерттеулер мен мақала жазуға арналған ЖИ-агент
Тапсырыс беруші: Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
Әзірлеуші: Хакатон өткізу. 2025 жылғы 7-8 тамыз. ОФФЛАЙН
Техникалық тапсырма құрылған күн: 25.07.2025
2. Жобаның мақсаты
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушыларына, магистранттарына және студенттеріне әдебиет іздеу, ғылыми мәтіндерді талдау, аннотация жазу және ғылыми жарияланымдарды рәсімдеуге қажетті дереккөздерді реттеу, сондай-ақ болашақ зерттеулердің идеяларын, гипотезаларын, ықтимал әдістемелерін әзірлеу, ҰМҒТСО және басқа ұйымдар өткізетін конкурстарға өтінімдерді рәсімдеуге көмектесу процестерін автоматтандыруға жәрдемдесетін ЖИ-сервисінің прототипін жасау.
Тіркеу нысаны: https://forms.gle/QB3vt9uwRdV5w54n7



