27 қыркүйек күні «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасы студенттерімен 2025 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған «Қазақстан дамуының векторы» атты ашық кураторлық сағат өтті.
Ашық сағаттың басты мақсаты – Жолдаудың мазмұнын студенттерге түсіндіру, оның жастар үшін маңызын айқындау, ел дамуындағы стратегиялық бағыттарды талқылау болды.
Жолдау – бұл мемлекеттің даму стратегиясы. Оны түсінген студент: елдің қайда бет алғанын бағамдайды, қоғамдағы өз орнын ұғынады, саяси процестерге қызығушылық танытады. Шара барысында студенттер Жолдауда қандай салаларға басымдық берілгенін, қай бағыттарда болашағы зор мүмкіндіктер бар екенін талқылады. Бұл олардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, жеке болашақтарын дұрыс жоспарлауына әсер етеді.



