Қазан айында «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасында Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығына орай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты мәнерлеп оқу сайысы бағытында ашық кураторлық сабағы өтті. Кафедраның барлық курс студенттері арасынан қатысты. Мақсат ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, оның поэзиясы арқылы студенттердің рухани дүниесін байыту, сөз өнеріне, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыруболатын.
Қатысушылар озық ойлары мен түсініп, мәнеріне салып оқығаны үшін жүлделі орындармен марапатталды.
I ші орын БЖиЗОС-24-1 тобы студенті Мырзахмет Махамбет;
II ші орын БЖиЗОС-25-1 тобы студенті Мұхамедияров Азамат;
III ші орын БЖиЗОС-24-1 тобы студенті Ермек Ақжол иеленді.
«Кемел ойдың кемеңгері» номинациясымен АиУ-22-1 тобы студенті Асқапова Айбану иеленді.
«Абайды жүрекпен оқыған» номинациясымен БЖиЗОС-25-1 тобы студенті Молдабекова Шырайлым иеленді.



