11-ші қараша 2025 ж. «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» каферасының жоғарғы курс студенттерінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Кафедра күні өтті. Кіріспе сөзбен басталған іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты шараларға толы мерекелік күн болды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлік пен достық рухын нығайту болды.
Кафедра күнінде студенттер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, көңілді видео ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Күннің ерекше сәттерінің бірі – мұғалімдердің ұйымдастыруымен өткен куиз ойыны болды. Бұл сайыс студенттердің білімін, тапқырлығын және командалық жұмыс дағдыларын шыңдауға бағытталды.
Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, оларға құттықтаулар мен марапаттар табыс етілді. Кафедра күні достық пен ынтымақтастыққа толы, әсерлі мереке ретінде есте қалды.



