ЭЭжЕҚ кафедрасының 1-курс студенттерімен «Прокторинг – бақылау емес, адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

ЭЭжЕҚ кафедрасының 1-курс студенттерімен «Прокторинг – бақылау емес, адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

25.09.2025 ж. «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасының 1-курс студенттерімен «Прокторинг – бақылау емес, адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттерді прокторинг жүйесінің мазмұны мен талаптарымен таныстыру, академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ білім алушылардың оқу үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру және әділ бағалауға деген көзқарасын қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында прокторингтің қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Оның басты міндеті студенттерді бақылау емес, керісінше білімді адал әрі әділ бағалау үшін тең жағдай жасау екені айтылды. Академиялық адалдықты сақтау, көшіру мен рұқсат етілмеген әрекеттерге жол бермеу, белгіленген ережелерді орындау – әрбір студенттің міндеті екені ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар адал еңбектің маңыздылығы, өз біліміне сену, жауапкершілік пен тәртіптің болашақта білікті маман болып қалыптасудағы рөлі түсіндірілді. Электр энергетикасы және еңбекті қорғау саласында жұмыс істеу барысында кәсіби адалдық пен қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды екені мысалдар арқылы жеткізілді.

AI Chat Widget

Виртуальный помощник

Это облегченная версия. Для полного функционала перейдите в @zhezuhelper_bot
Привет! 👋 Я помощник приемной комиссии ЖеЗУ. Готов ответить на вопросы о поступлении, специальностях и документах. Просто спросите!
Помощник ЖеЗУ печатает
Scroll to Top
  • dewi138 login