2023 жылғы 25 мамырда Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде барлық дайындық бағыттарының жоғары курс түлектері мен студенттеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі-2023» өтті.
Бұл іс-шара жыл сайын түлектерге қолайлы бос жұмыс орындарын табу мақсатында өткізіледі. Жәрмеңкеге Ұлытау облысының білім беру мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жұмыс берушілердің өкілдері өз компанияларын таныстырды, студенттерге кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес берді және т.б.
Біздің ЖОО түлектері түйіндеме берді, олардың көпшілігі Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан кәсіпорындардың кадрлық резервіне қабылданды.



