26 мамыр сағат 11.00 де ПФжШ кафедрасының ұйымдастыруымен «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» атты дөңгелек стол өтті. Бұған кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Отбасы тәрбиесі жайлы кафедра меңгерушісі Кабиденова А.М., отбасының қоғамдағы орны туралы кафедра оқытушысы Кашкинбаева З.Ж., отбасындағы әкенің тәрбиесі жайлы Мұхамеджан Қ.Е., қыз баланың отбасындағы ролі туралы Уксикбаева К.М., және де жалпы қоғамдағы тәрбие туралы Жактаева А.К. өз ойларын ортаға салды. Тақырыпқа байланысты Кял 23-1 топ студенті Әсеми Нұрлыайым, ПМНО 22-1 топ студенті Қорғанбаева Зарина өзіндік пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек столдың ұйымдастырылуына ИИиЧ 23-1 топ студенті Жантлеуов Ақжол белсенділік танытты. «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» атты дөңгелек стол өте қызықты әрі тәлім-тәрбиеге толы іс-шара болды.


