“KAZENERGY” білім беру гранттары

“KAZENERGY” білім беру гранттары

“KAZENERGY” қауымдастығы 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №406 бұйрығымен бекітілген мердігерлер бөлетін қаражат есебінен (NCOC N. V., KPO B. V.) оқуға ақы төлеуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Гранттық бағдарламаны іске асырудың 9 жылы ішінде ЖОО мен колледж студенттерінің оқу ақысын төлеуге барлығы 12500-ден астам өтінім келіп түсті. Төлеуге мақұлданғандардың жалпы саны 5000-нан астам грантты құрады, оның 57%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына (жетім балалар, мүгедек адамдар, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар) жатады.

Осымен “KAZENERGY” Қауымдастығы 20 шілдеден бастап 2024-2025 оқу жылында мердігерлер (NCOC N. V., KPO B. V.) бөлетін қаражат есебінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау (бұдан әрі-Конкурс) ашылғанын хабарлайды.

Қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ колледждерге түсушілер мен білім алушылардың конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған www.kazenergy.com (қызметі – білім беру бағдарламасы-жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқыту).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер сайтта электрондық өтінімді толтыруы керек www.grant.kazenergy.com

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша +7 7172-79-49-75 немесе e-mail: candidate@kazenergy.com Толымбекова Виктория Андреевна.

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Scroll to Top