Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымы
орындарына конкурс жариялайды:
Кафедра доценті:
«Қазақстан тарихы, экономика және құқық» – 2 бірлік
«Тау-кен ісі, металлургия и жаратылыстану» – 1 бірлік
1) Конкурсқа қатысуға ниеті бар тұлғалар университет ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар тіркеледі:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- автобиография;
- жоғары білімі, академиялық және ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және оны тексеру үшін түпнұсқасы;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- 72 сағаттан кем емес көлемде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№086 форма);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама ;
- «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша психоневралогиялық ұйымнан анықтама;;
- Кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлға үшін кафедраның болашақ дамуы туралы жоспары.
2) Жезқазған университетінде жұмыс істейтін тұлғалар кокурсқа қатысу үшін университет ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:
1) ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі Ф 1.11 нысан бойынша;
2) шығармашылық есеп;
3) Кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлға үшін кафедраның болашақ дамуы туралы жоспары.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәрбиесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар, қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері, дипломдардың, грамоталардың және 3 жыл ішіндегі наградтау мен көтермелеу туралы басқа да растайтын құжаттардың көшірмелері / салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынуға құқылы.
Барлық құжаттар барлық салынған құжаттардың тізімдемесі бар папкаға салынып (құжат тігілетін папкаға) тапсырылады.
Бос лауазымдар конурсына өтініш беру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Құжаттарды мына меке жайға жіберуге болады: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1Б, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Бас оқу ғимараты, 103А – кабинет.
–электрондық поштаға: ok_zhezu@mail.ru Word форматында және сканерленген түрде.