27.11.25 ж. Жезқазған университетінің «Электр энергетикасы және еңбек қорғау» кафедрасы ұстаздарының жетекшілігімен дайындаған «Жасанды интеллект және заманауи цифрлық қоғам» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға кафедра студенттері және Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Конференция қатысушыларына құттықтау сөзі «Электр энергетикасы және еңбек қорғау» кафедра меңгерушісі Ахметбекова А.М.. берілді.
Конференцияның мақсаты – ғылым мен білім беру индустриясындағы интеграциялау үрдістерін дамытып, сонымен қатар, жоғарғы оқу орындары мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын интеллектуалдық капитал мен инновациялық технологияны игерген жас ғалымдар арасында ой бөлісу.
Конференция жұмысының нәтижесінде барлық конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды. Ең үздік жұмыстар мадақтамалармен марапатталды:
І-орын АжБ-23-1 тобының студенті Әшірбек Т.,
ІІ-орын ЭЭ-23-1 тобының студенті Найзабай А.,
ІІІ-орын ТӘҚж/әҚОҚ-23-1 тобының студенті Азаматова А.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.


