Жиі қойылатын сұрақтар
Сізді қызықтыратын сұрақтың жауабын осы жерден табыңыз
Сұрақтар санаттары
Түсу шарттары
ЖОО-ға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру керек?
Бакалавриатқа түсу үшін ҰБТ нәтижелері қажет. Педагогикалық және шығармашылық бағыттарда қосымша емтихандар болуы мүмкін. Бағдарлама талаптарын қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз.
Өтінім беру қашан басталады?
2026 жылы ЖОО-ларға құжаттар 20 маусымнан 25 тамызға дейін, грант конкурсына өтінімдер 13–20 шілде аралығында қабылданды. Келесі науқан мерзімдерін қабылдау комиссиясы жариялайды.
Өтінішті қалай және қайда беруге болады?
Өтінімді eGov.kz порталы арқылы немесе Алашахан даңғылы, 1Б, №108 кабинеттегі қабылдау комиссиясына беруге болады.
Шетелдік азаматтар үшін түсу шарттары қандай?
Шетелдік азаматтарға арналған тәртіп азаматтығына, білім құжаттарына және оқу бағдарламасына байланысты. Құжаттар тізімі мен қабылдау рәсімін комиссиядан нақтылаңыз.
Колледж түлектері үшін арнайы квоталар бар ма?
Туыстас бағыт бойынша қысқартылған оқу мүмкіндігін және конкурс шарттарын қабылдау комиссиясы дипломыңызға сәйкес түсіндіреді.
Шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсу үшін қандай талаптар қойылады?
Шығармашылық емтихандар университетте өткізіледі. Емтихан бағдарламасы, құжат тапсыру және емтихан мерзімдерін қабылдау комиссиясынан алыңыз.
Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба?
Қабылдау комиссиясына хабарласыңыз
