18 қараша күні, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасында «Кафедра күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.
Бұл шараны университетіміздің құрылғанына 65 жылдығына орай ұйымдастырылды. 65 жыл – тарих, 65 жыл – тағылым, 65 жыл – білім мен ғылымға қызмет еткен абыройлы жол. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті талай білікті маман тәрбиелеп, еліміздің, өңіріміздің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Кеш барысында кафедраның жетістіктері таныстырылып, ұстаздар мен студенттердің бірлігі мен белсенділігі ерекше көрініс тапты. Мерекелік бағдарлама әсем әндерге, мың бұралған билерге, әсерлі көріністерге, қызықты ойындар мен студенттердің өнерлі нөмірлеріне толы болды. Қатысушылар өз таланттарын паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шарада кафедра оқытушыларына, ардагер ұстаздарға және белсенді студенттерге ізгі тілектер айтылып, мерекелік лебіздер білдірілді. Бұл кеш ұстаз бен студент арасындағы сыйластықты, кафедра ұжымының ынтымағы мен шығармашылық әлеуетін айқындаған тағылымды басқосу болды.
Іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан барша оқытушылар мен студенттерге және қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Фотогалерея8
Үлкейту үшін суретті басыңыз