Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Жаңалық19 қараша 2026Администратор

№21 ЖББ орта мектепте ашық есік күні аясында кәсіби бағдар беру шарасы өткізілді.

Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.

№21 ЖББ орта мектепте ашық есік күні аясында кәсіби бағдар беру шарасы өткізілді.

Шара барысында Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, барлық білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және студенттік өмір таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, оқуға түсу талаптары және болашақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар жөнінде мәліметтер алды.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру, олардың кәсіби қызығушылығын анықтауға қолдау көрсету және жоғары білім алуға ынталандыру болды. Қызығушылық білдірген оқушыларға университетіміздің арнайы буклеттері табыстырылды.Кәсіптік бағдарға жауапты Ажибекова С.И.

Фотогалерея3

Үлкейту үшін суретті басыңыз