Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Жаңалық5 қараша 2026Администратор

. «Электр энергетика және еңбекті қорғау» кафедрасында «Ақылды технологиялар: білімнен өндіріске дейін» атты студенттік ғылы ми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, заманауи ақылды технологияларды энергетика саласында қолдану мүмкіндіктерін талқылау және теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыру.

. «Электр энергетика және еңбекті қорғау» кафедрасында «Ақылды технологиялар: білімнен өндіріске дейін» атты студенттік ғылы ми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара барысында студенттер өздерінің ғылыми жобалары мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, энергетика саласындағы инновациялық шешімдер, цифрландыру, автоматтандыру және өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша ой бөлісті.Конференцияға барлығы 21 мақала келіп түсті.Конференцияға университет студенттерімен қатар, Жезқазған индстриалды-гуманитарлық колледжінің студенттері де қатысты.

Конференция қатысушылары өзекті тақырыптарды талқылап, пікір алмасып, ғылыми ізденістерін ортаға салды.

Мұндай ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға және болашақ мамандардың инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мазмұны жақсы, өзекті тақырыптар мадақтамлаармен марапатталды.

Фотогалерея8

Үлкейту үшін суретті басыңыз