Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Студенттер23 қазан 2026Администратор

Егемен елдің жетістіктері – тәуелсіздіктің айғағы

Республика күніне орай «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған тағылымды ашық сабақ өтті.

Егемен елдің жетістіктері – тәуелсіздіктің айғағы

Іс-шараның негізгі арқауы – егемендіктің қадірін ұғындыру, Қазақстанның даму жолын таныстыру және жас ұрпақтың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды белестері мен түрлі салаларда қол жеткізген табыстары мазмұнды әрі көркем безендірілген слайдтар арқылы баяндалды. Талғаммен әзірленген көрнекі материалдар еліміздің қалыптасуы мен өркендеу жолын әсерлі жеткізіп, әрбір жетістіктің артында халықтың бірлігі, қажырлы еңбегі мен болашаққа деген сенімі тұрғанын айқындай түсті.

Сабақта тәуелсіздік құндылығы, ел бірлігі және мемлекеттің дамуына әр азаматтың қосар үлесі туралы ой қозғалды. Ел жетістіктерін танып-білу – өткенді құрметтеумен қатар, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезіну екеніне мән берілді.

Тағылымды ашық сабақ ел тарихына құрмет пен туған жерге сүйіспеншілікті дәріптейтін мазмұнды шара болды. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайтып, егемен елдің жетістіктерін еселеу – баршамызға ортақ міндет.

Фотогалерея4

Үлкейту үшін суретті басыңыз