Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Іс-шара24 қараша 2026Администратор

Киберқауіпсіздік мәселелері бойынша өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы туралы

2026 жылғы 24 қарашада Жезқазған университетінде білім алушылар арасында цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылықты арттыру және киберқауіптердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Киберқауіпсіздік мәселелері бойынша өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы туралы

Іс-шара барысында білім алушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, кибербуллингтің алдын алу, интернет-алаяқтық түрлері, жеке деректерді қорғау, қаржылық қауіпсіздік және өзге де киберқауіптердің алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департамент өкілдері интернет желісін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, жеке мәліметтерді қорғау, сондай-ақ интернет-алаяқтық әрекеттерін анықтау және олардың құрбаны болмау жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Аталған іс-шараға университеттің 57 білім алушысы қатысты. Семинар барысында қатысушылар тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тиісті түсіндірмелер мен жауаптар алды.

Өткізілген іс-шара білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, киберқауіпсіздік саласындағы білімдерін жетілдіруге, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және киберқұқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Фотогалерея5

Үлкейту үшін суретті басыңыз