Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Студенттер8 наурыз 2026ЭЭжЕҚ кафедрасы

8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау

Студенттер оқытушыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, әндер мен өлеңдерден тұратын концерттік бағдарлама ұсынды.

8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау

Кафедра студенттері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқытушылар қауымын құттықтап, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Көктемнің шуақты мерекесіне арналған бұл кеш ерекше әсерге толды. Іс-шара барысында студенттер жүрекжарды тілектерін білдіріп, ән айтып, өлең оқып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, гүлдер табысталып, сый көрсетілді. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, оқытушылар мен студенттер арасында жылы лебіз қалыптасты. Осындай игі шаралар ұжымның бірлігін нығайтып, өзара сыйластықты арттыруға ықпал етеді.

Фотогалерея4

Үлкейту үшін суретті басыңыз