Президент Жолдауы – ел болашағына ортақ жауапкершілік
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған ашық кураторлық сағаты «Электр энергетикасы және еңбекті қорғау» кафедрасында өтті.

Іс-шараның мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру, студенттердің қоғамдық өмірге қызығушылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Кездесу барысында еліміздің дамуына бағытталған бастамалардың маңызы мен оларды жүзеге асырудағы жастардың рөлі сөз болды. Сапалы білім алу, кәсіби біліктілікті арттыру, адал еңбек ету және заман талабына сай дағдыларды меңгеру мәселелеріне назар аударылды. Болашақ мамандардың білімі мен ізденісі қоғамның өркендеуіне ықпал ететіні атап өтілді.
Кураторлық сағат ашық пікір алмасу түрінде өтіп, қатысушылар Жолдауда көтерілген мәселелер жөнінде ой бөлісті. Талқылау барысында елге қызмет ету, бірлік пен ынтымақты сақтау, заң мен тәртіпті құрметтеу және әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы секілді құндылықтардың маңызы айтылды.
Тағылымды кездесу студенттердің ел болашағына қатысты көзқарасын кеңейтіп, білімге ұмтылуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға үндеді. Еліміздің жетістігі – ортақ еңбектің нәтижесі, ал оның жарқын болашағы саналы да білімді ұрпақтың қолында.
Фотогалерея2
Үлкейту үшін суретті басыңыз