Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Бөлімшелер тізіміне
Мансап

«Мансап» бөлімі

Мақсат және міндеттер

Студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру, практика базаларын кеңейту және түлектердің алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Студенттерге кәсіптік бағдар беру, мансапты жоспарлау және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілермен әріптестікті дамыту.

Негізгі міндеттер

  • Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл және өндірістік практиканы әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Университет пен практика базалары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету.
  • Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастық.
  • Мансапты жоспарлауды әдістемелік қамтамасыз ету және студенттерге мансапты дамыту бойынша кеңес беру.
  • Түлектерге мамандығы бойынша жұмыс іздеуге көмектесу, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік қорғауды ескере отырып жұмысқа орналастыру шарттарын жасасу.

Функционалдық міндеттері

  • Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарына сәйкес кәсіптік практиканың сапасын қамтамасыз ету.
  • Бөлімде сапа менеджменті жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
  • Практиканы ұйымдастыруды бақылау: шарттар дайындау, студенттерді практика базаларына бөлу, кіріспе және қорытынды конференциялар.
  • Бөлімнің міндеттері мен функцияларының орындалуына жауапкершілік.
  • Университеттің басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл.
  • Түлектер жәрмеңкелерін, дөңгелек үстелдер мен конференцияларды ұйымдастыру.
  • Жұмыс берушілермен және жұмыспен қамту қызметімен бірлесіп жұмыс іздеу бойынша семинарлар, тренингтер және практикалық сабақтар өткізу.
  • Жас мамандардың әлеуметтік қорғалуын ескере отырып жұмысқа орналастыру шарттарын жасасуға қатысу.
  • Өңірдегі университет түлектеріне сұранысты талдау және болжау.
  • Білім беру саласындағы уәкілетті органға есептік құжаттама мен ағымдағы жедел ақпарат дайындау.

Функциялар

  • 1.ЖезУ-дың сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру.
  • 2.ЖезУ сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау.
  • 3.«Мансап» бөлімінің сапа саласындағы мақсаттарын іске асыру.
  • 4.Студенттердің практикасын ұйымдастыру.
  • 5.Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
  • 6.Еңбек нарығын бақылау, кәсіби практика сапасын өлшеу, талдау және үздіксіз жақсарту.