Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Бөлімшелер тізіміне
ХЫИ бөлімі

Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру бөлімі

Мақсат және міндеттер

Студенттер, магистранттар және профессор-оқытушылар құрамының халықаралық бағдарламалар бойынша сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру; шетелдік ЖОО-лармен ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту; халықаралық жобалар мен тағылымдамаларды үйлестіру; шетелдік оқытушыларды шақыру.

Негізгі міндеттер

  • Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне халықаралық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу
  • Халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асыру
  • Шетелдік қорлар мен бағдарламалардан гранттар тарту
  • Халықаралық конференциялар, бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламаларды әзірлеу
  • Кафедралардың халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша жұмысын үйлестіру

Функционалдық міндеттері

  • Кафедралардың халықаралық бағдарламаларға қатысуын ұйымдастыруға жалпы басшылық және бақылау
  • Бөлім қызметіне қатысты есептілікті дайындау
  • Жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау
  • Іс жүргізу тәртібін сақтау; басшылыққа, Ғылыми кеңеске, ректорға және уәкілетті органдарға есеп беру
  • Шетелдік іссапарлардан кейінгі қызметкерлер мен білім алушылардың есептерін бақылау
  • Халықаралық келісімдер, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу және орындалуын бақылау
  • Шетелде тағылымдамадан өтуге ППС, қызметкерлер мен білім алушыларды іріктеу
  • Университеттегі шетел азаматтарының оқуын, тағылымдамасы мен қызметін бақылау
  • Шетелдік білім алушылардың контингенті мен үлгерімі туралы мәліметтерді жүйелеу
  • Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
  • Сапа менеджменті жүйесін қолдау

Серіктес университеттер (15)

  • 1.ALYTAUS KOLEGIJA University of Applied Sciences (Литва Республикасы)
  • 2.Daugavpils University (Латвия Республикасы)
  • 3.Trakia University, Stara Zagora (Болгария)
  • 4.Eastern Mediterranean University (Солтүстік Кипр)
  • 5.«MISIS» ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Душанбе
  • 6.Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті
  • 7.Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті
  • 8.Н. Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті
  • 9.Н. Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік университеті
  • 10.Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті
  • 11.Afyon Kocatepe Universitesi, Афьонкарахисар (Түркия)
  • 12.South-West University «Neofit Rilski», Благоевград (Болгария)
  • 13.Klaipeda University, Клайпеда (Литва)
  • 14.И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті
  • 15.Жалал-Абад мемлекеттік университеті

Халықаралық бағдарламалар

  • 1.DAAD — Германияда оқу, тағылымдамалар және ғылыми-зерттеу бағдарламалары
  • 2.IAESTE — техникалық мамандық студенттеріне халықаралық кәсіби тағылымдамалар
  • 3.Erasmus+ — ЕО елдерінде академиялық алмасу, оқу және біліктілікті арттыру
  • 4.Болашақ — шетелде оқу және тағылымдама үшін ҚР халықаралық стипендиялық бағдарламасы