Бөлімшелер тізіміне
ПБ бөлімі
Персоналды басқару бөлімі
Мақсат және міндеттер
Университеттің сапа саласындағы саясатын, мақсаттарын және бөлімнің мақсаттарын іске асыру; штат кестесіне сәйкес университетті қажетті мамандықтар мен біліктілік бойынша ПОҚ және қызметкерлермен қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер
- Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру мәселелерін шешу және кадрларды орналастыруды бақылау
- ҚР ҒЖБМ және Президент-ректордың кадр бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындау
- Ректордың номенклатурасы бойынша лауазымдарға кадрларды іріктеу үшін мамандардың жеке қасиеттерін жүйелі зерттеу
- Кезекті және қайта аттестациядан өтетін мамандар ауқымын анықтау
- Университет мамандарын аттестациялауды жүргізу
Функционалдық міндеттері
- Президент-ректордың бұйрықтарын уақтылы орындау
- Қажетті мамандықтар бойынша ПОҚ және қызметкерлермен қамтамасыз ету
- Бөлім қызметкерлеріне басшылық ету
- Еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеу
- Қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру, нәтижелерді талдау
- Белгіленген кадрлық құжаттаманың жүргізілуін бақылау
- Кафедраларда кадрларды орналастыруды бақылау
- Еңбек тәртібін және ішкі ережелердің сақталуын бақылау
- Марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындау
- Қызметкерлердің кадрлық құжаттарын талдау
- Аттестация нәтижелерін талдау және кадрлардың қажеттілігін анықтау
- Қызметкерлердің тұрақсыздығының, жұмысқа келмеуінің себептерін талдау
- Конкурстық іріктеу журналын жүргізу
- Әскери қызметшілерді есепке алу және резервке алынған қызметкерлер есебі
- Штаттық кестені кафедралар бойынша жүргізу
- Университет штат кестесіне сәйкес жеке құрам есебін жүргізу
- Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша оқуға жіберу
- Қызметкерлердің жеке істерін жасау және жүргізу
- Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау
- Еңбек кітапшаларына марапаттау туралы жазбалар енгізу
- Жұмыс туралы анықтамалар беру
- Еңбек демалыстарының есебін жүргізу
- Еңбек шарттарының мерзімінің аяқталуын бақылау
- Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын ресімдеу
Тарих
Адами ресурстарды басқару бөлімі 2021 жылғы 27 тамыздағы №50бӨ бұйрығы негізінде Персоналды басқару бөлімі болып қайта аталды (студенттік сектор БҚКО-ға берілгеннен кейін).