Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Бөлімшелер тізіміне
ҚКДМжЖДББО

Кадрларды қайта даярлау, мониторинг және ЖОО-ға дейінгі білім беру орталығы

Мақсат және міндеттер

ҚКДМжЖДББО қызметінің негізгі мақсаты – Жезқазған өңіріндегі ұйымдар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Негізгі міндеттер

  • ЖезУ-нің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру
  • ЖезУ сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету
  • ҚКДМжЖДББО-ның сапа саласындағы мақсаттарын іске асыру
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыру
  • Біліктілікті арттыру курстарын, сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу
  • Орталық қызметінің мониторингін, өлшемі мен талдауын жүргізу
  • Білім беру қызметтері мен ҚКДМжЖДББО үдерістерінің сапасын тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету

Функционалдық міндеттері

  • Азаматтарға қысқа мерзімді курстарда қосымша білім беру қызметтерін көрсету
  • Оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру
  • Тар бейінді кәсіптер бойынша күрделі емес жұмыс дағдыларын меңгеруді көздейтін курстарды ұйымдастыру
  • Кәсіпорындар мен мекемелердің инженер-техникалық және педагогикалық қызметкерлерін қайта оқыту, қайта даярлау
  • Бітірушілерді жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби қызметін мониторингтеу
  • Талапкерлерді тарту бойынша ЖОО-ға дейінгі білім беру бағыты
  • Аймақтың ұйымдары мен кәсіпорындарымен ынтымақтастық

Тарих

Кадрларды даярлау және қайта даярлау бөлімі (ОППК) Президент-Ректордың 27.07.2010 ж. № 48-к бұйрығы негізінде құрылды. 25.01.2016 ж. № 11-к бұйрықпен бөлім Біліктілікті арттыру, маркетинг және ЖОО-ға дейінгі білім беру орталығы болып қайта аталды. 27.08.2021 ж. № 50бӨ бұйрықпен Орталық Кадрларды қайта даярлау, маркетинг және ЖОО-ға дейінгі білім беру орталығы болып қайта аталды.