Бөлімшелер тізіміне
ЖАСБО
Жоспарлау, аккредиттеу және сапаны бағалау орталығы
Мақсат және міндеттер
ISO 9001 халықаралық стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерінің және университет қызметінің сапасын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және енгізу. Жезқазған университетінің стратегиялық даму жоспары шеңберінде университеттің саясатын, мақсаттарын, стратегиялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру.
Негізгі міндеттер
- Университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) жұмыс істеуі мен қолдау көрсету бойынша жұмысты үйлестіру
- СМЖ құжаттамасының ISO 9001 талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
- Ішкі аудиттерді ұйымдастыру және жүргізу
- СМЖ-ні басшылық тарапынан талдау үшін деректер дайындау
- Университет деңгейінде стратегиялық бағдарламаларды, жобалар мен жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
- Стратегиялық міндеттерді іске асыру кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету
- Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту үшін құжаттаманы дайындау
Функционалдық міндеттері
- Сапа саласындағы университет саясатын, стратегиясы мен мақсаттарын, сондай-ақ бөлімшелер мақсаттарын іске асыруды бақылауды ұйымдастыру
- Білім беру қызметтерінің сапасының төмендеу себептерін талдау
- Бағалау критерийлерін айқындау, негізгі көрсеткіштерді (KPI) мониторингтеу және жетілдіру
- СМЖ-нің жоғары басшылық тарапынан талдау үшін материалдар дайындау
- Университеттің жыл сайынғы өзін-өзі бағалау есебіне арналған деректерді жинау, өңдеу және талдау
- Ұйымдастырушылық құрылым мен басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу
- СМЖ құжаттарын әзірлеу мен жетілдіру кезіндегі әдістемелік қолдау, ISO 9001 талаптарына сәйкестігін бақылау