Skip to main content
ZHEZKAZGANUNIVERSITY
Оқуға түсу
Бөлімшелер тізіміне
ҒИО

Ғылым және инновациялар орталығы

Мақсат және міндеттер

Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үрдістеріне сәйкес университеттің ғылыми әлеуетін арттыру, шетелдік білім беру ұйымдарымен байланыс орнату, ғылымды дамытуда студенттер мен жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, университеттің ғылыми қызметін дамыту.

Негізгі міндеттер

  • ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының стратегиялық және басқа да жоспарларын дайындау
  • Мемлекеттік бюджет және шаруашылық шарт негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіру
  • Өнертабыстарға алдын ала патент пен патент ресімдеуге әдістемелік басшылық ету, кафедралардың рационализаторлық жұмысын қолдау
  • Ғылыми зерттеулерге техникалық-экономикалық талдау жүргізетін мамандар тобын құру
  • Жұмыс істеп тұрған зертханаларды жаңғырту және жаңа проблемалық зертханалар құруға қатысу
  • ҒЗЖ бойынша есептер мен нәтижелерді өндіріс және оқу үдерісіне енгізуді есепке алу
  • Іргелі және қолданбалы ғылыми тақырыптарды республикалық және халықаралық гранттар конкурсына ұсыну
  • Халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру
  • Басқа мекемелермен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру
  • «Жезу Хабаршысы» ғылыми журналын шығаруға дайындық

Функционалдық міндеттері

  • Жарғы, ҚР БҒМ нормативтік құжаттары, Президент-ректордың бұйрықтары негізінде кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға жалпы басшылық және бақылау
  • Функционалдық міндеттер көлемінде есептілікті дайындау
  • Жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау
  • Басқа мекемелермен ғылыми ынтымақтастық туралы шарттарды ресімдеу
  • Университет базасында ғылыми конференциялардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылау
  • Шығын сметалары мен жылдық жоспарлардың ресімделуін бақылау
  • ҒЗЖ жүргізуге ұйымдармен шаруашылық шарттар жасасуды бақылау
  • Университеттің, кафедралар мен бизнес-инкубатордың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және бақылау, жоспарлау
  • Ғылыми-техникалық ақпарат орталығына ҒЗЖ, шаруашылық шарт және мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша материалдар, ақпараттық-статистикалық есептер беру
  • ҒЗЖ орындалуы туралы жылдық есептерді жасау
  • Ғылыми іссапарлар бойынша есептілікті бақылау
  • Магистранттардың жеке істерін мұрағатқа тапсыруды ресімдеу
  • Қалалық музей және мұрағатпен ынтымақтастық
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептерді жасау
  • Орталықтың техникалық базасын дамыту және ақпараттық қызмет көрсету
  • Перспективті ғылыми бағыттарды дамыту
  • Басқа ЖОО-лармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту
  • Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
  • Президент-ректорға тікелей бағыну
  • Сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау

Студенттермен жұмыс

  • 1.Пәндер мен мамандықтар бойынша студенттік олимпиадалар өткізу
  • 2.Ғылыми конференциялар, семинарлар және ҒЗЖ өткізу
  • 3.Студенттердің кафедралардың мемлекеттік бюджет және шаруашылық шарт жұмыстарына қатысуы
  • 4.Студенттердің халықаралық және республикалық конференциялар мен конкурстарға қатысуы
  • 5.Ең үздік студенттік ғылыми жұмыстарды халықаралық және республикалық конкурстарға ұсыну
  • 6.Жас ғалымдардың еңбектерін жариялау

Тарих

Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі 28.02.2018 жылғы №15 бұйрықпен Ғылым және инновациялар орталығы болып қайта аталды.